«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖАҢА ЖОБА ӘЛДЕҚАЙДА ҚОНЫМДЫ

ЖАҢА ЖОБА ӘЛДЕҚАЙДА ҚОНЫМДЫ
ашық дереккөз
ЖАҢА ЖОБА ӘЛДЕҚАЙДА ҚОНЫМДЫ

TXZtVVwYf_4Әділхан Омаров, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Күні кеше Елбасымыз мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездескенін теледидар арқылы тамашаладық. Мамандардың бұл жолы ұсынған жаңа әліпби жобасы шынын айтқанда, алдыңғы жобамен салыстырғанда әлдеқайда көңілге қонымды, жеңіл жасалыпты. Бұл жоба мақұлданар болса латын әріптеріне аса қатты қиналмай-ақ үйреніп кетеріміз анық. Жаңа нұсқа Нұрсұлтан Әбішұлының өзінің де көңілінен шыққан секілді. «Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Жалпы, латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары жайлы барлық дерлік БАҚ беттерінде егжей-тегжейлі жазылуда. Заман талабы да осыны қажет етіп отыр. Сол себепті болар, тек жастар немесе қарттар ғана емес, еліміздің әрбір тұрғыны бұл бастаманың оңды екендігін сезінуде. Мамандардың пікірінен маған ең ұнағаны, егер біз латын қарпіне көшсек, біріншіден, өзіміздің төл әліпбиіміз, төл жазуымыз пайда болады. Екіншіден, бұл – халықты біріктіретін тағы бір амалдың бірі. Сонан кейін латын әліпбиі – әлемдік ақпараттың құралы. Латын әліпбиіне көшу үлкен стратегиялық маңызға ие. Әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылар осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор ықпал етеді. Сондай-ақ, латын әрпі ақпарат құралдарын жылдам игеруге ыңғайлы. Қазіргі кезде жастарымыз телефон немесе компьютерде хабарлама жіберу үшін осы әліпбиді пайдаланғанды жөн көреді. Сондықтан халық үшін ең тиімді деп танылған жаңа жоба мақұлданып, ғылым мен біліміміздің, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлесін қоса берсе екен деймін! Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар