Өзбекстанның Ташкент қаласында су спорты түрлері бойынша Азия біріншілігі өтті. Аталмыш додада Қазақстан құрамасының негізін құрайтан «Айша бибі» су добы клубының арулары ұлттық құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, мерейімізді тасытты. Жамбылдық «Айша бибі» су добы клубының спортшылары толыққанды ұлттық құраманың сапында ойнайтыны бұрыннан мәлім. Олар команданың тұрақты мүшесі. Он жеті жасқа дейінгі спортшылар сынға түскен додада біздің арулар қарсыластарынан басым екенін іс жүзінде дәлелдеді. Құрамында Ажар Әлібаева, Дана Қыдырбекова, Елизаветта Руднева, Шахзода Мансұрова Анастасия Коломацкая секілді мергендер топтасқан ұжым алдымен Жапония елінің сайыпқырандарына қарсы өнер көрсетті. Тартысқа толы кездесуде отандастарымыз 16:12 есебімен жеңіске жетсе, келесі кезеңде Қытай құрамасын 12:6 есебімен ұтты. Үшінші айналымда алаң қожайындары Өзбекстан құрамасымен бақ сынасқан аруларымыз 7:7 есебімен тең түсті. Жарыс қорытындысында ұпай басымдығымен алтын жүлде біздің сұлуларға бұйырды. Құрлық біріншілігінде жасындай жарқыраған Шахзода Мансұрова қарсыластарының қақпасына 13 гол соғып, үздік шабуылшы атағына қол жеткізді. Команданы Марат Наурызбеков пен Наталья Ладо сынды білікті бапкерлер жаттықтыратынын да айта кеткен жөн.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




