бас жүлдені байзақ ауданының тұрғыны Әбдірахман Кәрібаев иеленді
Айбынды Ата Заң күніне орай Тараз қаласында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен оның орынбасарлары, облыс әкімі аппараты мен басқарма қызметкерлері, құқық қорғау және сот органдарының өкілдері және қала тұрғындарының қатысуымен жалпы-халықтық веложарыс өткізілді. Бұқаралық сипатқа ие болған шараға 800-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Қалыптасқан дәстүр бойынша додаға қатысушылар орталық Достық алаңындағы сөреден «Әулиеата» әуежайындағы мәреге дейін барды. Бұл жолы ұйымдастырушылар жұртшылықтың бұқа-ралық спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мәреге жеткендерге арнайы купон беріп, орталық алаңда сыйлықтар ойнатылды. Яғни, мәреге жеткендер орталық алаңдағы сөреге қайта оралып, бас жүлде велосипедті жеңіп алуға ұмтылды. Купон иегерлері велосипедтен өзге де сыйлықтарды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды. Бас жүлде саналған велосипед жеңімпазын еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері (70 келі салмақта) Ақжүрек Таңатаров анықтаса, жеңімпазға сыйлықты үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев табыстады. Велосипед байзақтық Әбдірахман Кәрібаевқа бұйырды.
Табиғат абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді