Қанат Ислам WBC рейтингісінде екі сатыға жоғарылады
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2017
- 542
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (24-0, 19 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тамыз айындағы рейтингісінде екі сатыға көтерілді. Жаңартылған рейтингіде Қанат 21-орында, ал қарсыласы Брэндон Кук (18-0, 11КО) 19-орында орналасқан. Айта кетейік, Қанат Ислам WBC ұйымының рейтингіне алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында ілігіп, 25-орында болған. Ал шілде айының жаңартылған рейтингінде Қанат 23-орынға жайғасқан. Осыған дейін хабарлағанымыздай, «QAZAQ» өзінің келесі кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз – Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кук (18-0, 11 КО) болады. Қазіргі таңда боксшылар дайындық үстінде. Өз жаттығуларында спарринг-қарсыластарын қапы қалдырып жатқан отандасымыздың бабында екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Ол ғана емес, Қанат «QAZAQ» Ислам (24-0, 19 КО) жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу жұмыстарын өткізбек. Ашық жаттығу 20 тамыз күні сағат 18:30-да халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында өтеді. Жаттығу жұмыстарына Қанат Исламнан бөлек, аталмыш бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев секілді боксшылар да қатыспақ.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




