Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен өткен додада 36 команда бақ сынады. Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Соңынан аталған агенттіктің облыстағы департамент басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақовпен үстел теннисінен бір партия ойын өткізген Бекболат Серікбекұлы бәсекені де өзі бастап берді. Негізінен командалар аудандардағы мемлекеттік қызметшілер мен облыстағы басқармалар қызметкерлерінен жасақталыпты. Алты спорт түрі бойынша өткен додада 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені олжалаған Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік қызметшілері жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 2 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығының басқармасы екінші сатыға табан тіреді. Ал үшінші орындарды облыстық ішкі істер департаменті және Шу ауданының құрамалары өзара бөлісті. Қос команданың да қанжығаларына түскені – 2 алтын, 1 күміс медаль.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік жолын жеңіспен ұштастырған өрендерӨрнек
- 23 желтоқсан, 2024
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді