Облысымызда маусым айының 13-15 аралығында «Локомотив» стадионында салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың бұқаралық спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік өңірдегі VI Жазғы өңірлік спартакиадасы өткізілді. Бағдарламаға сәйкес 13 маусымда спартакиаданың ашылу салтанаты өтіп, іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД бастығы өртке қарсы күрес қызмет полковнигі М.Күлдіков жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Бұнан әрі іс-шара Тараз қалалық мамандандырылған колледжі студенттерінің күшімен дайындалған концерттік шараға жалғасты. Жалпы аталмыш шараға Алматы облысы, 68303 әскери бөлімі, Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысындағы Төтенше жағдайлар жүйесінен барлығы 6 команда қатысып, кіші футбол, армрестлинг, кір тасын көтеру, жеңіл атлетика, ұзақтыққа секіру секілді бірнеше спорт түрлерінен сынға түсті.Жамбыл облысы ТЖД бастығы Марат Күлдіков жарыс соңында жеңімпаз командаларды құттықтап, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 2-орынды Алматы облысы, 3-орынды Жамбыл облысы иемденді.
Арайлы Жақсылық.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




