Шымкент қаласында өткен жарыста боксшы жастар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жүлдесін сарапқа салды. Көршілес қырғыз, өзбек, тәжік, қытай елдерінің де спортшылары қатысуымен халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл додада жамбылдықтар жақсы өнер көрсетті. Жарысқа апарған алты спортшының үшеуінің қанжығасы майланып, жетістікке жетті. Атап айтсақ, жерлестеріміздің еншісінде бір алтын, бір күміс, бір қола медаль бар. Жүлдегер атанған жастар – облыстық №6 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер бокс мектебінің (директоры Шоқан Досымбек) түлектері. Жеңіс тұғырынан көрінген Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Мұхамед Мырзатай Берді Нұржановтың шәкірті болса, Мұхамедке есе жіберіп, күмісті місе тұтқан (Жамбыл политехникалық колледжінде білім алуда) Жасұлан Әлімбекті Мұрат Әбімселімов жаттықтырады. Сондай-ақ, 69 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанған Ерлан Рахмановтың да бапкері Берді екенін айта кету керек.
Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА, облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




