Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қазақ былғары қолғап шеберлері үшін табысты өтуде
Филиппинде өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін аталмыш байрақты бәсекенің ширек финалына он қазақстандық боксшы жолдама алса, оның сегізі финалға шығып отыр. Демек, сегіз жасөспірім спортшымыз алтынға таласады деген сөз. Филиппиннің Пуэрто Принсеса қаласында өтіп жатқан жарыстың финалында қазақстандық Ақылбек Мұхтаров, Махмуд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Айтжан Асырхан, Бекзат Ерімбет, Ерасыл Жақпеков, Қуандық Мақсұт және Сағындық Тоғамбай секілді жасөспірім былғары қолғап иелері сынға түседі. Финалға 8 спортшысы шыққан еліміз жалпы көрсеткіш бойынша жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде көш бастап тұр. Екінші орында 6 финалисімен Өзбекстан тұр. Бет қатталып жатқанда: Әлеуметтік желілер арқылы қуанышты жаңалықтың хабары да жетіп үлгерді. Финалға шыққан сегіз боксшымыздың алтауы қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медальді жеңіп алса, екеуі күмісті қанағат тұтты. Осылайша, Филиппин елінің Пуэрто-Принсеса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 13 салмақ дәрежесінде бақ сынап, 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Атап айтсақ, финалда 48 келіде Махмұд Сабырхан жапониялықты, 52 келіде Бейбарыс Жексен өзбекстандықты, 54 келіде Айтжан Әшірхан да өзбекстандықты, 70 келіде Ерасыл Жақпеков Ирак боксшысын, 75 келіде Қуандық Мақсұт кореялықты және 80 келіде Сағындық Тоғамбай үндістандықты жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді