Спорт және туризм
Головкиннің бапкері Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2017
- 482
Головкиннің бапкері Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварестің WBC титулы үшін таласпайтыны туралы шешімі жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Бұл оның өз шешімі. Ол үлкен жігіт болды. Мұны өзі әрі командасы шешті. Мен оларды бұл үшін сынға алмаймын. Олардың нақты бір себебі бар шығар", - деді Санчес. Осыған дейін, WBC президенті Маурисио Сулейман "Канелоның" балалық әрекеттерінен шаршағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мексикалық боксшы өзіне назар аударту үшін осындай қадамға барған. Еске салайық, "Канело" мен Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) арасындағы жанжал өткен жылы басталған еді. Ол кезде мексикалық боксшы Головкинмен міндетті түрде шығуы тиіс болды, алайда ол өз титулын қазақстандық боксшыға жекпе-жексіз бере салды. Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




