Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттері қанша тұрады?
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2017
- 666
Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттерінің құны белгілі болды. Жекпе-жек кешінің ең арзан билеттері 2000 теңгеден басталса, орташа бағадағысының құны 5000 және 7000 теңге тұрады. Ал ең қымбатын көрермендер 10 000 теңгеге сатып ала алады. Ағымдағы жылы 9 қыркүйекте Астанада қазақстандықтар үшін маңызды бокс кеші өтетінінен барша бокссүйер әлеумет хабардар. Кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук қолғап түйістіреді. Боксшылар бірінші орта салмақта IBF титулын сарапқа салмақ. Сондай-ақ, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов, Нұрсұлтан Жаңабаев секілді былғары қолғап шеберлері де жекпе-жектер өткізбек.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




