Спорт және туризм
Мұсылман футболшылар Рамазанды қалай өткізеді?
- author «Ақ жол»
- 15 маусым, 2014
- 604
Мұсылман футболшылар Рамазанды қалай өткізеді?
Төрткүл дүниенің назарын теңбіл допқа аударған атақты футбол чемпионаты басталғалы әлем мұсылмандары да алаңдай бастады. Жасыл алаңда ойын көрсететін бауырластарының ауыз бекітіп, ораза ұстауы - жан алып, жан беріскен жанталас ойын үстінде нағыз сынақ болғалы тұр, деп жазады muslim.kz.
Осы айдың 28 жұлдызы күні басталатын Рамазанның жартысына жуық уақыты әлем чемпионатының әбігерімен тұспа-тұс келеді. Бұндай сәйкестік соңғы рет 1986 жылы болған екен. OnIslam.net басылымының хабарлауынша, футболшылардың кейбірі ми қайнатар шілденің аптабына қарамастан ауыз бекітетіндерін мәлімдесе, енді біреулері өздерінің ұстаздарына қазасын кейін өтеуге болмас па екен деген сауал жолдауда.
Дүбірлі доп додасының чемпиондығына таласатын құрамалар құрамында мұсылман ойыншыларының қатары да біршама. Мәселен, Франция құрамасында белгілі ойыншылары - «Реал» сапындағы Карим Бензема мен «Арсеналдық» Бакари Санья, «Ньюкаслдық» Мусса Сиссоко мен «Ливерпульдік» Мамаду Сахо есімді ойыншылар - бес уақыт намазын оқып, асыл дінімізді берік ұстанып жүргендер.
Сондай-ақ, бауырластарымыздың қатарын Кот-д'Ивуарлық ағайынды Яя мен Коло Туре және ағылшын клубтарында өнер көрсететін Жервинью мен Шейх Тьоте де толықтырады.
Және де Бельгия құрамасының белді ойыншылары Маруан Феллаини мен Мусса Дембеле де, швейцариялық Джердан Шакири де, Германия құрамасындағы Месут Озил мен Сами Хедиралар - маңдайын сәждеге ұсынған мұсылмандар
Айта кетейік, ивуарлық Коло Туре ешқандай қиындыққа қарамастан, ораза ұстайтынын қазірден мәлімдеп қойды. «Өзім үшін ораза рамазанның алғашқы бес күні ғана қиындық тудырады. Кейіннен ағзамыз үйренісіп кетеді. Сол шақтарда мен өзімді керемет сезінемін», - дейді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




