Брэдли Фризен тікұшақты жақсы меңгерген кәсіби ұшқыш. Ол жылдам ұшып, жерге аспан көгінен қарағанды ұнатады. Бір күні ол дос қызына өзімен бірге саяхат құруға ұсыныс білдіреді. Оның ұсынысына келіскен қыз анығында алдынан қандай тосын пейзаж күтіп тұрғанын білген де жоқ. Оған ұшқыш жолға шығар кезде мұзда сырғанауға арналған аяқкиім ғана алуын ескерткен болатын. Мұз бетінде сырғанамағанына 4 жыл уақыт өтіп кеткен қыз, кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар көрмеген тамаша тосынсыйға жолығады. Расымен де, әлемді аузына қаратқан чемпиондар да биік таудың басында қатып тұрған, айнадай жарқыраған мынадай мұзды көрмеген болар. Брэдли болса мәнерлеп сырғанап жүрген досын видеоға түсіріп, өзінің YouTube парақшасына салған. Ерекше саяхат ұйымдастырып, қазақ жерінің табиғатының бөлекше болмысын осылайша көрсетуге болады. Ол үшін сәл ғана романтика һәм патриотизм жетіп жатыр дейді «Алауинформ».
Ұқсас жаңалықтар
Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыға табысталды
- 13 маусым, 2025
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
- 10 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді