Адамзат жат ғаламдық тіршілікпен кездесудің алдында тұр. «Біздің Галактикамызда әлі миллиардтаған планеталар ашылады. TRAPPIST-1 жұлдыз жүйесінде Жерге ұқсайтын жеті планета табылып отыр», – деген еді АҚШ конгресінде NASA-ның ғалымы Томас Цурбухен. Оның айтуынша, NASA ғаламның қай жерлеріндегі қандай жағдайда тіршілік болуы мүмкін екенін белсенді түрде зерттеуде. Жат ғаламдық тіршілік іздеу бағыты енді ресми түрде NASA-ның бюджетіне енгізілген. Бұдан бұрын, NASA-ның басшысы Чарльз Болден жат ғаламдық өркениеттің Жерге 2025 жылға дейін келетіні анық деп жұртты дүр сілкінткен. «Ғарышта қорқынышты құбылыс көп, кейбіреуі біздің бар екенімізді біліп отыр. Ғаламда шамамен 30 мыңдай жат ғаламдық өркениет бар. Біз ондаған жылдар бойы ғарыш кеңістігінде белсенділік белгілерін білдірдік, құрығанда бір өркениет бізді байқап қойған болуы керек. Олар бізді кез келген сәтте басып алуы мүмкін», – деген еді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




