Астанадағы Қазыналы атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтті. Оны Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысының әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырды. Шабандоздар 5 шақырымдық жорға жарысы, 7 шақырымдық құнан бәйге, 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша бәсекеге түсті. Жарыстың жүлде қоры да қомақты – 51 миллион 700 мың теңгені құрады. Алғаш болып жарыс жолына 7 шақырымдық құнан бәйгеге қатысушы шабандоздар шықты. Бұл сында мәреге Қордай ауданынан қосылған ағылшын қара кері сәйгүлігі бірінші болып келді. Шабандозы Ділмұхамед Жолаушының қуанышында шек болмады. Жанкүйерлердің қошеметін иеленген жеңімпазға ұйымдастырушылар жеті миллион теңгені табыстады. Құнан бәйгесінде тағы бір жамбылдық шабандоз Азат Әбиір мәреге төртінші боп келіп, бір миллион теңгені олжалады.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




