Елдос Сметов – бұл жолы қола жүлдегер
Германия төрінде төселген татамиде шын мықтылар сынға түсті. Дзюдодан өткен Еуропаның ашық кубогы жолындағы бәсеке қазақстандық балуандар үшін толайым табыстарға толы болды. Рио төрінде өткен жазғы Олимпиада ойындарында күмістен алқа тағынған жамбылдық жампоз Елдос Сметов Германияда жалауы желбіреген додада жаңа салмақта жарыс жолына шықты.
60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп үйренген Елдос 66 келіні де жатсынған жоқ. Әуелде ұлыбританиялық Шон Мартеллді таза жеңе біліп, жанкүйерлерін желпінтіп тастады. Бұдан кейін қазақстандық дзюдошы неміс жігіті Себастьян Сидлге есе жіберіп алды. Осы жеңілістен кейін Елдос Сметов қола жүлде үшін талас жүргізуге мүмкіндік алды. Бұдан соң Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері екі бірдей татами қожайыны Леон Филипп пен Марсель Бизоннан айласын асырып, қола жүлдені мойнына ілді.
Бұл Елдос Сметовтің Риодағы Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші халықаралық деңгейде қатысқан жарысы болатын. Жалпы Қазақстан дзюдошылары осы аламанда тағы екі жүлдені иеленді. 73 келідегі Жансай Смағұлов жарыс жеңімпазы атанса, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Гусман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.
Дзюдошыларымызды алда талай байрақты бәсекелер күтіп тұр. Енді олар үлкен аламандарда бақ сынап, өздерінің бабы мен бағын байқап көреді. Сол сындарда рейтингтегі жағдайларын түзеуге күш салады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ дзюдошылары үшін жаңа Олимпиадалық циклге бастайтын додалар алда тосып тұр. Ендеше, жеңісті күндер көп болсын дейміз! Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




