«Астана» клубы үшінші кезеңнен өте ала ма?
Футболдан еурокубоктік додаларда сынға түсіп жатқан қазақ командалары бірде жанкүйерлерді желпіндіріп тастаса, енді бірде көңілге күдік пен күмән ұялатып тұр. УЕФА чемпиондар лигасының екінші кезеңінде Латвияның «Спартак» командасымен күш сынасқан ел чемпиондары – «Астана» футбол клубы екі ойынның нәтижесі бойынша үшінші кезеңге жолдама алды. Алдымен сырт алаңда «Спартакты» 1:0 есебімен тізе бүктірген елордалықтар сейсенбі күні Астана төрінде өткен қарымта кездесуде қарсыластарымен тең түсті. Есеп 1:1.
Ойынның 59-минутында Патрик Твумаси есеп ашып, қазақстандық клубты алға шығарса, ойынның 70-минутында қонақтар сапынан белсенген Эдгар Варданян таразы басын теңестіріп кетті. Әрине, бұл есеп «Астана» футболшылары үшін тиімді. Дегенмен, елорда төрінде «Астанаға» қарағанда «Спартактың» сапалы ойын үлгісін көрсете білгенін айтып өту керек.
«Астананың» ендігі қарсыласы кеше түнде ойнаған польшалық «Легия» мен финляндиялық «ИФК Мариехамн» командаларының арасындағы кездесуде анықталды. Жалпы, «Астана» осындай ортаңқол ойынымен келесі кезеңге өте алар ма екен? Осы сұрақ бізді ойландырады.
Еуропа лигасында сынға түсіп жатқан алматылық «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» командаларының да жағдайы мәз емес. «Ертіс» алғашқы кездесуде Сербияның «Црвена звездасымен» 1:1 есебімен тең түссе, «Қайрат» Албанияның «Скендербеу» командасынан айласын асыра алмаған болатын. Қос қомандамыз бүгін түнде сырт алаңда қарсыластарынан айналып өтуге тырысады. «Қайраттың» қарсыласы аса мықты емес екенін ескерсек, алматылықтардың мүмкіндігі бар, алайда «Ертіске» қиын соғатын тәрізді...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




