Аралас жекпе-жектен екі салмақта әлем чемпионы атанған, UFC жұлдызы Конор Макгрегор мен кәсіпқой бокста бірнеше салмақта әлем чемпионы атанған даңқты кіші Флойд Мейвезер арасындағы шайқас 26 тамызға жоспарланғаны белгілі. Бокс ережесіне сай өтетін шайқасты майталман мамандар әртүрлі бағалап жатыр. Көбісі жекпе-жекті «цирк» деп атаса, енді біреулер: «кездесу қос спортшының қалтасына әжептәуір қаржы түсіреді демесек, спорттық тұрғыдан ешқандай маңызы жоқ» дегенді алға тартады. Мейвезер мен Макгрегор осы уақытқа дейін төрт қалада баспасөз турын өткізді. Бір-бірін сөзбен әбден сыбап, балағат сөздерді жаудырған олар жанкүйерлер үшін нағыз шоу жасай білді. «Лос Анджелес, Торонто, Нью-Йорк, Лондон қалаларында өткен баспасөз турларында Мейвезер менен 4:0 есебімен ұтылды. Бірнеше мәрте нокдаун алды» деген Конор Макгрегор алдағы шайқаста жеңетініне бек сенімді. Алайда, мамандар мен букмекерлік кеңселер Конордың мүмкіндігі жоқ деседі. Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен жекпе-жекке дайындық барысында спарринг өткізіп, қарсыласынан нокаут алғанға ұқсайды. Ол туралы кәсіпқой боксшы Джесси Варгас шетелдік БАҚ-қа айтып берді. Кәсіпқой рингте 49 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының бәрін жеңген Флойд Мейвезерге қарсы шаршы алаңға шығатын Конордың жүрегінің түгі бар-ау...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді