Спорт және туризм
Қазақстандық боксшы "Канелоның" спарринг қарсыласы болады
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2017
- 472
Қазақстандық боксшы "Канелоның" спарринг қарсыласы болады
Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (3-0, 3 КО) Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегіне дайындық кезінде спаринг қарсыласы болуы туралы ұсыныс алыпты. "ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" парақшасының мәліметі бойынша, Бобыржан ертең Калифорния қаласында "Канело" жаттығып жүрген залға барып, мексикалық боксшының командасымен келіссөз жүргізеді. "Билет алып қойдық, Бүгін кешке ұшамыз", - деді боксшы. Момынов осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, барлық кездесуінде жеңіске жеткен. Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




