Спорт және туризм
"Астана Арланс" "Куба Домадорес" боксшыларын жеңіп, WSB чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2017
- 705
"Астана Арланс" "Куба Домадорес" боксшыларын жеңіп, WSB чемпионы атанды
Астана Арланс" Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының финалында "Куба Домадорес" боксшыларын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Финалда 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 11-ші жекпе-жек шешуші болды. Бұл матчта Олжас Байниязов пен Фрэнк Залдивар кездескен еді. Бұл жұпта қазақстандық боксшы басым болып, "арландарға" жеңіс сыйлаған алтыншы ұпайды алып берді. "Астана Арланс" жекпе-жектер барысында 2-5 есебімен жеңіліп тұрғанын да айта кетейік. Осылайша Astana Arlans Бүкіләлемдік бокс сериясының ең мықты командасы атанды. Арландар бұл турнирде үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұл финалға дейін кубалықтар да, "арландар" да екі рет чемпион болған еді. Чемпиондар құрамында жеңіске мына боксшылар қарсыластарынан басым болды: Асланбек Шымбергенов, Зәкір Сафиуллин, Олжас Боқаев, Теміртас Жүсіпов және Ілияс Сүлейменов.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




