Еуропа лигасының екінші кезеңінде топқа түсіп жатқан Павлодардың «Ертісі» мен Алматының «Қайраты» жанкүйер қауымды екіұшты ойға қалдырды. Павлодар төрінде Сербияның «Црвена звезда» командасын қабылдаған «Ертіс» ойын соңына қарай таразы басын теңестірді. Кездесудің 51-минутында павлодарлық команда ойыншылары айып алаңында ереже бұзды. Төреші белгілеген 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Ричмонд Боакье қонақтарды есепте алға шығарса, ойын соңына қарай «Црвена звезда» қорғаушысы айып алаңында қолмен ойнап, төреші енді сербиялықтардың қақпасына 11 метрлік айып добын берді. «Ертіс» ойыншысы Стефан Живкович мүмкіндікті мүлт жібермей, ойынды құтқарып қалды. Алматы төрінде Албанияның «Скендербеу» командасын қабылдаған «Қайрат» та жеңіске жете алмады. Кездесу бастала салысымен алдыға жанұшыра ұмтылған «Қайрат» футболшылары 11 минутта діттеген мақсаттарына жетті. Жерар Гоу мергендігімен көзге түскен болатын. Алайда, ойын барысында басымдыққа ие болғанына қарамастан, «Қайрат» екінші голды соғудың ретін таппады. Есесіне «Скендербеу» ойыншылары 72-минутта есепті теңестірді. Осылайша, қос командамыз жағдайын қиындатып алса, УЕФА чемпиондар лигасының екінші кезеңінде сынға түсіп жатқан «Астана» сырт алаңда Латвияның «Спартагын» 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге бір табан жақындай түсті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




