Фабио Ару екінші орынға көтерілді
Әйгілі Тур-де Франс велокөпкүндігі екінші жартысына ауды. Әлем назары ауған бәсірелі доданың тоғызыншы кезеңі мәресіне жетті. Бұл күні спортшылар 181,5 шақырым қашықтықты артта қалдырды. Натюа мен Шамбери арасын жалғаған кезеңде колумбиялық Ригоберто Уран жеңімпаз атанды. Екінші орын француз Варран Баргийдің еншісінде. Жалпы есепте көш тізгінін қолға алған ағылшын Крис Фрум үздік үштіктен көрінді. Бесінші және алтыншы орынды «Астана» командасының велошабандоздары италиялық Фабио Ару мен даниялық Якоб Фульсанг иеленді. Осы кезеңде үздік бестіктен көрінген Фабио Ару жалпы есепте үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Ару Фрумнан бар болғаны он сегіз секундқа қалып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, аты әлемге әйгілі велокөпкүндік шабандоздар үшін ең мәртебелі додалардың санатынан саналады. Ендеше, Фабио Ару Тур-де Франста жалпы есепте жеңіске жетсе, «Астана» командасының да мерейі үстем болар еді ғой. Кезінде әйгілі Лэнс Армстронг жеті рет жеңген Тур-де Франстың бірінші жүлдесі «Астана» командасының жейдесін киген шабандозға да бұйырар ма екен?
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




