Таңдай қағар қызықтың бәрі бар
немесе мұзбен жылыту дегенді естідіңіздер ме?
«Viessmann» неміс компаниясы – жылыту, салқындату және өндірістік жүйелерді өндіру және дамыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Олар өздерінің озық технологияларын ЭКСПО-2017 көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» стендінде көрсету үшін энергетика саласының жетекші сарапшыларының таңдауынан өткен болатын.
Компанияның энергетикалық секторда жүз жылдық тәжірибесі бар және олар әрдайым инновациялық шешімдерді ұсынумен келеді. Ал халықаралық көрмеге үш бірдей технологиясын алып келіпті. Олар – мұздың көмегімен жылыту және салқындатудың бірегей жүйесі – Ice Storage, артық энергия мен табиғи газды түрлендірудің инновациялық әдісі – Рower-to-gas технологиясы және орталық желілерге тәуелсіз электр және жылу энергиясын өндіретін «жылу ұяшықтары».
Неміс компаниясы энергияны үнемдеу және қатты отынды жаңартылатын энергия көздеріне алмастыру қағидаттарын басшылыққа алады. Сондықтан да компанияның жаңа технологиялары экологиялық үйлесімділік ескеріле отырып әзірленген. Осылайша Ice Storage инновациялық жүйесі күн, ауа және жер жылуы сынды үш жаңартылатын энергияны бір мезгілде пайдаланады екен. Елестетіп көріңіз, жазда жинақталған жылуды сақтап, қыста пайдалануға болады. Және керісінше, мұздың кристалдану энергиясын суық мезгілде қызуға айналдыруға болады. Мәселен, арнайы мұз қоймасында ғимаратты жылытып, салқындату жолында энергияға айналатын судың қатуы мен еруінің табиғи үдерістері жүріп жатады. Мұның қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сол себепті барлық жерде қолданыла береді. Тіпті, оның көмегімен ең арзан ресурс – кәдімгі құбыр суын тиімді пайдалануға да болады.
Viessmann стендінде назар аудартатын тағы да бір жоғары экологиялық технология – power-to-gas. Технологияның мәні мынада – яғни, жаңартылатын энергия көздерінен алынатын артық электр қуаты сутегін түзуге, содан кейін метанды генерациялау үшін пайдаланылады. Осындай әдіспен алынған газды одан әрі өңдемей-ақ қолданыстағы газ жүйесінде пайдалануға, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы мол көлемде сақтауға мүмкіндік бар.
Ал аталмыш компания ұсынған «отын ұяшығын» жеке тұрғын үй иелері жоғары бағалайтыны анық. Бұл табиғи газ өндіру жолымен жылу және электр энергиясын өндірудің тиімді жүйесі орталық желіге 95 пайыз тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Отын ұяшықтары орталық электрмен жабдықтау жүйесін және басқа да жаңартылатын энергия көздерін алмастырып немесе толықтыра алады. Сонымен қатар бұл технология атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды екі есеге дейін азайтуға жол ашатын көрінеді.
Байқағанымыз, Viessmann сапа стандарттарын арттырып, саладағы жаңа трендтерді қалыптастыратын сияқты. Компанияның бірегей технологияларымен «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонының бірінші қабатында жақынырақ таныса аласыздар.
Қарлығаш есбергенова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді