Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболдан Ресейде өтіп жатқан конфедерация кубогы мәресіне таяп келеді. Өз топтарында қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға шыққан төрттік анықталды. Енді олар байрақты бәсекенің жеңімпазын айқындауға күш салады. Жартылай финалда әлем чемпиондары Германия құрама командасы Мексика елінің сайыпқырандарымен күш сынасады. Додаға негізінен жас футболшыларын алып келген «неміс машинасы» топтық кезеңде екіұшты ойын өрнегін көрсетіп, жартылай финалға шыққанын айта кету керек. Ал өз тобында екінші орын иеленген Мексика құрамасы да «біртүрлі» ойынымен есте қалды. Мәселен, Еуропа чемпиондары Португалияға қарсы тамаша ойын үлгісін көрсетіп, ұпай бөліссе, доданың анық аутсайдері саналған Жаңа Зеландия құрамасын әупірімдеп жүріп, әрең ұтты. Бұл жұпта жанкүйерлер бойларында жастықтың оты жалындаған Германия құрамасы жеңіске жетеді деседі. Екінші жұпта Португалия мен Чили құрамасы. Ойыншыларының шеберлігі мен деңгейі шамалас қос команда кеше түнде жасыл алаңда кім мықтыны анықтады. Әлем чемпионатының алдында тұрақты түрде әр құрлықтың чемпиондары топқа түсетін доданың жеңімпазы кім болуы мүмкін? Бұл сұраққа жауапты санаулы күннен соң алатын боламыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




