Жерлесіміз Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды
- author «Ақ жол»
- 29 маусым, 2017
- 198
Кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түскен жамбылдық жампоз Жанқош Тұраровтың келесі кездесудегі қарсыласы белгілі болды. Жиырма екінші шайқасын АҚШ-та өткізуге бел байлаған Жанқош Тұраров 21 шілде күні аргентиналық Бруно Леонардо Ромеймен қолғап түйістіріп, шын мықты кім екенін анықтайды. Білікті мамандар болашағынан зор үміт күтетін қазақстандық кәсіпқой боксшының бұл жолғы қарсыласы бұрынғыларға қарағанда тәжірибелі екенін айта кету керек. 29 жастағы аргентиналық оғлан кәсіпқой боксшы ретінде 25 кездесу өткізсе, оның 21-інде қарсыластарынан айласын асырған, 18 шайқасын мерзімінен бұрын аяқтаған, 4 мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан. Бруно Леонардо Ромей boxrec.com сайтының рейтингінде 112-орынға орныққан екен. Жанқош Тұраровтың бұған дейінгі қарсыластарының рейтингі кәдімгідей төмен болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, қазақ боксшысы қарсыластарын таңдауда сатылап жоғарылап келеді. Аргентиналық Бруно Леонардо Ромей төрт жеңілісінің бірінде ғана мерзімінен бұрын жекпе-жекті тәмамдаған. Ол тек Жулиан Гомеске қарсы кездесуінде ғана техникалық нокаутпен ұтылған. Қалған үш шайқаста ұпай саны бойынша қарсыласына есе жіберген. Жанқоштың осы жолғы қарсыласы қазақ боксшысы үшін үлкен сынақ болары сөзсіз. Егер Бруноны оңай жеңіп жатса, Тұраровтың әлеуеті жоғары екенін мамандар тағы бір мәрте тілдеріне тиек етері сөзсіз. Ал біз Жанқоштың аргентиналық былғары қолғап шеберін жеңетініне сенеміз. Өйткені, оның бойында шеберлік те, талант та, жеңіске деген құштарлық та басым.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді