Спорт және туризм
«Арландарды» алға сүйрейтіндердің аты-жөндері анықталды
- author «Ақ жол»
- 27 маусым, 2017
- 626
«Арландарды» алға сүйрейтіндердің аты-жөндері анықталды
Қазақстан бокс құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов WSB финалында «Астана арландары» клубы қатарын толықтыратын күрзі жұдырық иелерін атады.
Астаналық команда биыл төртінші рет ақтық сынға жолдама алып отыр. Аталған бәсекеде «арландар» кубалық «Cuba Domadores» клубына қарсы қолғап түйістіреді. Финалдық ойында астаналық команда сапына үш боксшы қосылмақ. 75 келіде сынға түсіп жүрген Әбілхан Аманқұл өз күшін сынап көрсе, 91 келіде Василий Левит «арландардың» жеңісіне көмегін тигізеді. Сондай-ақ, 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қонқабаев өнер көрсетпек.
«Астана арлан-дарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпековтің айтуынша, финалдық кездесуде шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімі әзірге нақты емес. Әйтсе де, бас бапкер кубалықтарға қарсы ең мықты құрамда шығатынына сенімді.
Айта кету керек, ақтық кездесу 15 шілдеде Астанада өтеді. «Арландар» финалдық ойындарға жету үшін топтық кезеңде «Patriot Boxing Team», «Uzbek Tigers», «China Dragons» командаларынан айласын асырды. Ал жартылай финалдық кездесуде олар «British Lionhearts» клубын тізе бүктірген еді.
Абай ОТАР, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




