Азияда Қазақстанға қарсылас жоқ
Көрші Қырғыз Республикасында армрестлингтен (қол күресі) Азия чемпионаты өткізілді. Құрлық біріншілігіне 15 елдің жуан білекті қыз-жігіттері қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Ұлттық құрама намысын негізінен жамбылдық спортшылар құрады. 1500 спортшы сайысқа түскен байрақты бәсекеде жамбылдық 60 саңлақ бақ сынап, қарсыластарын қапы қалдырды.
Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы барлық қарсыластарын жолда қалдырып, жалпыкомандалық есепте топ жарды. 29 алтын, 23 күміс, 21 қола жүлде иеленген қазақстандық қол күрес шеберлеріне қарсыластар таңдай қақты.
Жалпы, Азия және әлем біріншіліктерінде Қазақстан құрамасының спортшылары ұдайы жеңіс тұғырынан көрінетіні мәлім. Ұлттық құраманың негізін жамбылдық саңлақтар құрайтынын да мақтанышпен айтуға болады. Бүгінде Дмитрий Трубин секілді әлем мойындаған өрендердің Жамбыл жерінде тағы бір шоғыры қалыптасқаны көңілді тоғайтады.
Ардақ Сапибулла, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




