АҚШ-та Даун синдромымен ауыратын жеті жасар Ашер Лайлзтың анасы телефоннан баласы түсірген ерекше сурет тауып алды. Кэрри Лайлз Вашингтоннан Хьюстонға ұшқан кезінде баласына ұялы телефонын берген. «Үйімізге қайтып бара жатқан едік, балам иллюминатордан суретке түскісі келді. Ондаған кадр түсірген балам ұялы телефонды қайтарып берді. Кейін суреттерді өшіре бастадым, себебі сақтау жадысында орын аз қалған. Өшіріп отырып, бір ерекше суретке көзім түсті. Жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болды», - деп жазды әйел Facebook желісінде. Ашердің ата-анасының пікірінше, ол камераға өзінің «жебеуші періштесін» түсіріп алған. Олар «баланың ерекше қасиеті бар және айналасындағы біз көрмейтін құбылыстарды байқай алады», дейді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




