Бейсенбіден жұмаға қараған түнді футболсүйер қауым ұйқысыз өткізді десек, артық айтқандық емес. Күн санап күткен әлемдік доданың қызықтарынан құр қалмау үшін қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, футбол королі Пеленің Отаны – Сан-Паулудағы стадионға арнайы барғандар да, көгілдір экраннан көз алмаған көрермендер де көп. Олар бұл күні әлем чемпионатының жалауы желбіреген сәтке куә болып қана қойған жоқ. Бразилия мен Хорватия құрамасы арасындағы кездесуді, нағыз тартысты бәсекені тамашалады. Мамандардың болжамы дәл келіп, бұл матчта бразилиялықтар басым түсті. Есеп –3:1. Бір айта кететіні, бірінші кездесудегі төрт голды да соққан – Бразилия құрамасының футболшылары. Нақтырақ айтсақ, әлем чемпионатындағы алғашқы автогол тіркелді. Оның авторы – Марсело. Сөйтіп, хорваттардың шабуылшысы Ивица Оличтің айып алаңына шығарған пасын аутқа жіберуге ұмтылған қорғаушы ойынның 11-минутында өз қақпасына гол соғып алды.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




