Ел жаңалықтары
Қазақстандық студенттер диагноз қоятын қолғап ойлап тапты
- author «Ақ жол»
- 19 маусым, 2017
- 358
Қазақстандық студенттер диагноз қоятын қолғап ойлап тапты
Қазақстандық оқушылар бірегей қолғап ойлап тапты. Ол биологиялық белсенді нүктелер арқылы алты сырқатқа диагноз қоя алады.
Назарбаев интеллектуалды мектебінің химия-биологиялық бағытта оқитын студенті Әлімжан Кенесбековтің айтуынша, аппарат жоғары немесе төмен артериалды қысымын, бассүйектегі қан қысымын, панкреатит, гастрит және бронхитті анықтайды. Ал нәтижесін смартфондағы арнайы қосымшаға шығарады.
«Құрастырылған прототипқа 30 доллардан аз қаржы кетті. Себебі, оған мектептегі бар ресурстарды қолдандық. Құрылғыны жасауға үш айдай уақыт кетті. Өндірістік нұсқаларының бағасы шамамен 200 доллар болады. Өндірісті дамыту үшін бізге 14 миллион теңге қаражат керек. Бұл сома ғимаратты жалға алуға, тәжірибелер жүргізуге және қажетті сараптамалар жасауға жұмсалады», – деп жоспарымен бөлісті құрастырушы.
Сонымен қатар, ол шетелдің ұқсас аппараттарына қарағанда, қазақстандық өнім бірнеше есе арзан және тек медициналық мекемелерге ғана қолжетімді. Мысалы, Ресейде мұндай құрылғы 500 доллар тұрады.
Одан бөлек, Кенесбеков қазіргі уақытта диагноздың нақтылығы 76 пайыз екенін атап өтті. Бірақ болашақта нәтижелердің дұрыстығы өсе түседі.
Ұқсас жаңалықтар
7 жасар қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды
- 31 наурыз, 2025
Еңбек нарығында жастардың үлесі артып келе ме?
- 14 мамыр, 2024
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді