Хорватияға қарсы кездесуде Неймар білгенінен жаңылмады. Алғашқы сәтсіздіктен соң бразилиялықтар шабуылды үдете түскен. Бірінші таймның 29-минутында Неймар есепті теңестіріп, командаластарын алға сүйреген. Жарыс қожайындары үзілістен кейін де өз екпіндерін бәсеңсіткен жоқ. Қарсылас қақпасының алдындағы кезекті таластың бірінде төреші айып добын белгіледі. Стандартты жағдайды орындаудың шебері саналатын шабуылшы мүлт кетпеді. Айтпақшы, Неймар құрама сапында да оныншы нөмірлі жейдеде өнер көрсетуде. Бұл оның бойтұмар белгісі секілді. Себебі, қай клубта ойнаса да, ол осы нөмірді таңдайды. Футбол королі атанған Пеленің жейдесінің нөмірі осындай болған. Бәлкім, бразилиялық шабуылшы ырым қылып сол санды таңдаған шығар. Иә, қалай десек те, дубльдің авторы атанған неймар Бразилия құрамасының тарихындағы он үздік сұрмергеннің қатарына енді. Әлем чемпионатының алғашқы «сары қағазының» да иегері осы ойыншы.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




