"Арландар" финалға шықты
Лондонда өткен WSB-дің екінші жартылай финалдық кездесуінде «Astana Arlans» командасы ұлыбританиялық «British Lionhearts» клубын 3:2 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.
Ең әуелі рингке көтерілген жерлесіміз Олжас Саттыбаев (52 кг) Ниалл Дин Фаррелді - 2:1 есебімен ұтса, Закир Сафиуллин (60 кг) Чед Милнсті екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов британиялық Кумар Маноджоны айқын басымдылықпен жеңді. 81 және 91 келіде сынға түскен "Арландар" Арман Рысбек пен Нұрсұлтан Аманжолов британиялық қарсыластарына есе жіберді.
"Арландар" «British Lionhearts» командасын 7:3 есебімен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда олар «Cuba Domadores» - «Colombian Heroicos» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




