Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты ресми түрде шымылдығын ашты

Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты ресми түрде шымылдығын ашты
ашық дереккөз
Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты ресми түрде шымылдығын ашты
САН-ПАУЛУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы "Арена Коринтианс" стадионында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өттi, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тiлшiсi.
48 мың жанкүйерлiк стадионда өткен салтанатты шара небәрi 25 минутқа жалғасты. Бiрақ оның мазмұны өте ауқымды әрi қанық болғандығын айта кеткен жөн. 600-ден астам әртiс Бразилияның мақтанышы Амазонкада өмiрдiң ендi-ендi жандана бастаған сәтiнен бастап, сонау үндi халқының, испандық және голландиялық жаулап алушыларды, кейiнгi түрлi ұлт пен ұлыстардың тату өмiрiне дейiнгi тарихи сәттi көрсете бiлдi. Бағдарламаның басты хедлайнерлерi әлемге танымал Дженнифер Лопес, Питбуль мен бразилиялық әншi Клаудио Лейтте болды. Олар Әлем чемпионаты-2014 додасының әнұраны - We Are One (Ole Ola) әнiн шырқап бердi. Айта кетейiк, Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтедi. Әлем чемпионаты-2014 финалына барар жолда командалар 8 топта өзара сайысқа түседі. «А» тобы: Бразилия, Хорватия, Мексика, Камерун. «В» тобы: Испания, Голландия, Чили, Австралия. «С» тобы: Колумбия, Грекия, Кот-д'Ивуар, Жапония. «D» тобы: Уругвай, Коста-Рика, Англия, Италия. «E» тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас. «F» тобы: Аргентина, Босния мен Герцеговина, Иран, Нигерия. «G» тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ. «H» тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея. 2014 жылғы мундиальдің матчтары Бразилияның 12 қаласында: Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаус, Форталеза, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба, Куритиба стадиондарында өтпек.

Ұқсас жаңалықтар