Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» кездескен «Тараз» футбол клубы қарсыластарына ірі есеппен жол берді. Біріншіліктің бірінші айналымында «Таразға» есе жіберген «Ордабасы» футболшылары жеңіске деген құштарлықпен алаңға шыққаны анық. Кездесу бастала салысымен алдыға ентелей ұмтылған олар кездесудің 5-минутында есеп ашты. Еркебұлан Тұңғышбаевтың дәл соққысы «Тараз» қақпасында тулап жатты. Ойынның он үшінші минутында Азат Нұрғалиев есепті еселеді. «Ордабасы» командасының футболшылары екінші кезеңде де өте сауатты ойнай білді. Ал «Тараз» футбол клубының сайыпқырандары қанша ұмтылғанымен тиісті нәтижеге қол жеткізе алмай дал болды. Қорғаныс пен шабуылдағы тепе-теңдікті керемет бақылауда ұстаған шымкенттіктер ақыры ірі есеппен жеңіске жетті. Ойынның аяқталуына 4 минут уақыт қалғанда «Ордабасының» ойыншысы Гогита Гогуа мергендігімен көзге түсіп, ақтық нәтижені тіркеді. Есеп 3:0. Шымкенттік команданың пайдасында.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




