Роналду Мессидің рекордын жаңартты
Мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында қатарынан бесінші рет үздік сұрмерген атанып, "Барселоналық" Лионель Мессиден асып түсті, - деп хабарлайды РИА Новости. 4 маусымға қарағанда түні "Реал" Кардиффте өткен финалда "Ювентус" командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Роналду Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға 20-шы минутта доп дарытып, Чемпиондар лигасының үш финалында да гол соққан бірінші футболшы атанды. 64-ші минутта Роналду дубль жасады. 32 жастағы португал жалпы 12 доп соғып, осымен бесінші маусым турнирдің үздік бомбардирі атанды. Бұған дейінгі рекорд Лионель Мессидің еншісінде еді. Ол Чемпиондар лигасының 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарында үздік бомбардир атанған болатын.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді