«Астана арландары» Қостанайда жұдырықтасады
Бүкіләлемдік бокс сериясында бақ сынап жатқан «Астана арландары» командасы жартылай финалдың алғашқы кездесуін Қостанай қаласында өткізетін болды. 3 маусымға жоспарланған бірінші шайқаста «Астана арландары» мен Ұлыбританияның «Бритиш Лайнхартс» командасының намысын қорғайтын боксшылар белгілі болды.
49 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық команда Ермек Мәдиевке сенім артса, ағылшындар Кларан МакДональдты шығармақ. 56 келі салмақ дәрежесінде «Астана арландары» сапынан шаршы алаңға Ілияс Сүлейменов көтерілсе, «Бритиг Лайнхартс» ұжымы Кристофер Бурктың қарымын байқап көрмек. 64 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Ділмұрат Міжитов қорғаса, ұлыбританиялықтар Конор Лофтусты қарсы қойыпты. 75 келі салмақ дәрежесіндегі жамбылдық жампоз Әбілхан Аманқұл шаршы рингте Никита Абабимен қолғап түйістіріп, кім мықтыны анықтайтын болады. Ал 91 келі салмақ дәрежесінде бапкерлер Антон Пинчукке жауапкершілік жүгін жүктесе, ағылшындар Давид Киран Нииканың тәжірибесіне иек артпақ.
Ақтық сынға шығатын ұжым екі кездесу қорытындысы бойынша анықталады. Қарымта кездесу Ұлыбритания төрінде өтетінін ескерсек, «Астана арландары» осы жолы мүмкіндігінше ірі есеппен жеңіске жетулері тиіс.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді