Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-туры аясында Алматыға қонаққа барған «Тараз» футбол клубының ойыншылары біріншілік фавориттерінің біріне 4:0 есебімен жол берді. Ойын жерлестеріміз үшін жаман басталған жоқ. Алғашқы кезеңде жамбылдық футболшылар адуынды қарсыластың толассыз шабуылдарына тосқауыл қойып, сәті келгенде қарсы шабуылға шығып бақты. Кездесудің екінші бөлігінде «Қайрат» қаһарына мінді. Алдымен Андрей Аршавин асырған пасқа өзгелерден бұрын жеткен Бауыржан Тұрысбек есеп ашса, ойынның 67-минутында Жерар Гоу мергендігімен көзге түсіп, нәтижені еселеді. Матч соңына таман «Қайрат» футболшылары тағы да екі гол соғып кетті. 80-минутта «Тараз» қорғаушылары Исаэльден көз жазып қалды. Ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған «Қайрат» футболшысы есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның аяқталуына екі минут қалған сәтте Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бауыржан Исламхан бұрынғы командасының қақпасына 11 метрлік айып добынан гол соғып, ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп 4:0, «Қайраттың» пайдасында. «Тараз» футболшылары алдағы кездесулерде жеңіске жетпесе, турнир кестесіндегі жағдай қиындай бермек.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




