Спорт және туризм
Қанат Исламның АҚШ-тағы жекпе-жегіне сатылатын билеттің бағасы жарияланды
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2017
- 688
Қанат Исламның АҚШ-тағы жекпе-жегіне сатылатын билеттің бағасы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров 26 мамырда АҚШ-тың Флорида қаласында жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (WBO NABA және WBA Intercontinental) қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болады, ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесінде мексикалық Густаво Гарибаймен қолғап түйістіреді.
«Boca Raton Hotel & Club» ойын-сауық орталығында өтетін жекпе-жектің ең арзан билеті 100 доллар (31 300 теңге) тұрады. Сондай-ақ шарада 150$ (46 950 теңге), 200$ (62 600 теңге) және 250$ (78 250 теңге) тұратын билеттер де сатылады. Еске сала кетсек, boxRec порталының әлемдік рейтингінде Норберто Гонсалес Қанаттан 9 саты жоғары тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




