Хоккей. Қазақстан Канаданы жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс-Аренада» Қазақстан мен Канада командалары арасында xоккей матчы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық хоккейшілер канадалық қарсыластарын буллитте ұтты.
«Мұрагерлер кубогын буллиттен 5:4 есебі бойынша ұтқан Қазақстан командасы иеленді! Құттықтаймыз», деп жазды Канаданың Қазақстандағы Елшілігі Фейсбуктегі парақшасында. Еске сала кетсек, бүгін елордада Канаданың xоккей күні ұйымдастырылған болатын.
Шара бірнеше атаулы датаның аясында өтіп отыр. Біріншіден, биыл Қазақстан xоккейіне 60 жыл толды. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық байланыстарға - 25 жыл, ал Канаданың өзі 150 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Шараға Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл мен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты. Сондай-ақ, «Барыс-Арена» спорт кешенінде xоккей тариxына арналған зал ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді