"Астана Арланс" ресейлік клубты жеңіп, WSB жартылай финалына шықты
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2017
- 656
Бүгін, 20 мамырда "Астана Арланс" боксшылары ресейлік "Патриот Боксинг Тим" клубымен Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалының аясында қарымта кездесуінде қазақстандық клуб жеңіске жетіп, WSB жобасының жартылай финалына шықты. Қарағандыда өткен бокс кешінде қазақстандық клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев Иван Абрамовты жеңсе, 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин Шахриер Ахмедовтен басым түсті. Үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Дмитрий Зиско Артем Сусленковтан жеңіліп қалды. Ал 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергеов Шахабас Хатаевты айқын жеңіп, "Арландарға" уақытынан бұрын жеңіс сыйлады. Бокс кешінің соңғы жекпе-жегінде 81 келіге дейінгі салмақта Арман Рысбек Имам Хатаевтан басым түсті. Еске салайық, 11 мамырда Кемеревода өткен бірінші матчта 3:2 есебімен қазақстандық команда жеңген еді.
ақпарат көзі kaz.vesti.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




