«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бұйырғаны... 1 алтын, 3 қола

Бұйырғаны... 1 алтын, 3 қола
ашық дереккөз
Бұйырғаны... 1 алтын, 3 қола

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында бокстан жастар арасындағы төртінші республикалық жастар ойындары өткізілді. Еліміздің барлық облыстарынан кілең «сен тұр, мен атайын» саңлақтар сынға түскен айтулы аламанға біздің облыстан 11 боксшы қатысып, жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде көптеген халықаралық додаларда жүлдегерлердің қатарынан көрініп жүрген 81 келі салмақтағы оғланымыз Эльдияр Қамшыбеков қарсыластарының барлығын ұтып, чемпион атанды. Сонымен қатар жамбылдық жампоздарға үш бірдей қола жүлде бұйырды. 46 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен Дмитрий Жұмағазиев үздік үштіктен көрінсе, 69 келідегі оғланымыз Алдияр Тұрсынәлі мен 91 келі салмақ дәрежесіндегі өреніміз Манас Адайбаев та қола жүлдегерлер қатарында болды. Додаға қатысқан жамбылдық боксшылардың ішінде Эльдияр Қамшыбеков пен Алдияр Тұрсынәлі болашағынан үлкен үміт күттіреді. Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы жарыстарда қатарларының алды болған қос оғланымыз халықаралық додалардан жеңіспен оралып жүрген. Енді жастар арасындағы сындарда да жасындай жарқырайтыны талас тудырмайды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар