Спорт және туризм
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Подобедованы 8 жылға шеттетті
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2017
- 556
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Подобедованы 8 жылға шеттетті
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) допинг-сынамаларында тайым салынған заттардың іздері анықталған қазақстандық үш ауыратлетке қатысты шара қолдану туралы ресми шешім шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. IWF тәртіптік-бақылау комитетінің шешімі бойынша Светлана Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді. Ал Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жыл жарыстарға қатыспайтын болады. Бұл шешім спортшылардың қанынан допингтің бар екені анықталғаннан күннен бастап есептеледі. Мұны ескеретін болсақ, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2018 жылдың маусым айынан бастап жарыстарға қатыса беруіне мүмкіндіктері бар. Ал Светлананың 7 жылдан кейін спортқа оралып, жарыстарға қатысуы екіталай. Спортшылар жарыстардан шеттетіліп қана қоймай, осыған дейінгі рекордтары мен чемпиондық атақтарын кері қайтарады. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығының қолдауымен құрылған қорғаушылар мен зерттеуші мамандар тобы қазақстандық спортшылардың допинг сынамаларын қайта қарап, зерттеудің барлық кезеңінде спортшыларды қолдау мақсатында өз нәтижелерін ұсынған болатын.
Ақпрат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




