Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аясында елордалық «Астанаға» қонаққа барған «Тараз» футболшылары қарсыластарына ірі есеппен жол берді. «Астана» футболшылары жамбылдық аяқдоп шеберлеріне шеберлік сағатын өткізгендей болды. Ел чемпионы «Астана» командасы ойынды ширақ бастады. Тіпті, алғашқы он бес минутта-ақ жерлестерімізді тықсырып тастады. Ойынның он үшінші минутында «Астана» футболшылары есеп ашты. Айып соққысын шірене тартқан Срджан Граховац «Астананы» есепте алдыға шығарды. Кездесудің отыз үшінші минутында алаң қожайындары есепті еселей түсті. Джуниор Кабананга ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып кетті. Алаң иелері үзіліске дейін үшінші голын да соғып үлгерді. Бұл жолы Дидар Жалмұқан мергендігімен көзге түсті. Үзілістен кейін де «Астана» футболшылары белсенділік танытты. Ойын аяқталуға аз ғана уақыт қалғанда Джуниор Кабананга екінші голын «Тараз» қақпасына тоғытып, ақтық нәтижені тіркеді. Есеп 4:0. Сегізінші турда сәтсіз өнер көрсеткен жерлестеріміз тұңғиыққа батып барады. «Тараз» қашан серпілер екен?
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




