Роналду чемпиондар лигасында 100 гол соқты
Роналду мен Месси. УЕФА чемпиондар лигасының тарихында қайсысы бірінші болып 100 голдық межеге қол жеткізеді? Осы сауалға жанкүйерлер жауап таппай жүрген. Әлемдегі ең мықты екі клубтың ойыншылары Криштиану Роналду («Реал» Мадрид), Лионель Месси («Барселона») бұл сұрақтың жауабын нақтылады.
Чемпиондар лигасының ширек финалында Германияның «Бавариясымен» жолы түйіскен Мадридтың «Реал» футбол клубы қос ойын нәтижесі бойынша қарсыластарын жарыс жолынан шығарып, жартылай финал жолдамасына иелік етті. Дәл осы екі кездесуде 5 гол соққан Криштиану Роналду чемпиондар лигасының тарихында тұңғыш рет 100 гол соққан футболшы ретінде тарихқа есімін алтын әріптермен жазды. Екінші орындағы Лионель Мессидің еншісінде 94 гол бар. Жалпы Роналду еурокубоктік додаларда 103 голдың авторы атанған. Ширек финалда Италияның «Ювентусына» жол берген «Барселона» командасы айтулы доданың жүлдесін келесі маусымда жеңіп алуды көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы тоғыз жылда екі ойыншы жылдың ең мықты футболшысына берілетін «Алтын допты» алма-кезек иеленіп келеді. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси 5 мәрте «Алтын доп» иегері атанса, португалиялық Роналду төрт мәрте қанжығасын майлаған.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




