«Тараз-Арена» спорт кешенінде ұлттық спорт түрі жекпе-жектен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел кубогі үшін өткен жарыс мәресіне жетті. Үш күнге созылған додаға Астана, Алматы қалалары мен 8 облыстан 237 спортшы қатысып, шын жүйріктер сұрыпталды. Бәсірелі доданың ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, дүбірлі додада қатарынан оза шапқан сайыпқырандар Азия кубогі жолындағы жарыста бақ сынайтынын жеткізді. Саңлақтардың олжа салуына тілектестігін білдірді. Айтулы аламанда жамбылдықтар ерледі. Он жеті сайыпқыранымыз алғашқы кезеңде қарсыластарын қапы қалдырды. Әрмен қарай да өрендеріміз сәтті өнерлерімен жанкүйерлерді желпінтіп тастады. Жарыс қорытындысында 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальді қоржынға салған жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Жүлделі ІІ орын Қызылорда облысының спортшыларына бұйырса, үздік үштікті Астана қаласының өрендері түйіндеді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




