Дауысы Димашқа ұқсайтын жезқазғандық Мәди жеңімпаз атанды

Дауысы Димашқа ұқсайтын жезқазғандық Мәди жеңімпаз атанды
ашық дереккөз
Дауысы Димашқа ұқсайтын жезқазғандық Мәди жеңімпаз атанды

Жезқазғандық 11 жастағы Мәди Аманбаев «Аялаған Астана-2017» балалар арасында өткен V республикалық телевизиялық байқауының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Мәди әлеуметтік желіде Витастың «Опера №2» әнін Димаш сияқты орындап, дүйім жұртқа танылған еді. Мәди 5 сыныпта оқиды. Қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі – шахтер, анасы – үй шаруашылығында. Мәди тоғыз жасынан бері өнер мектебінің вокал бөлімінде оқиды.

Соңғы үш жылда үш рет республикалық “Ғұмырдария” байқауында Гран-при алған. Сондай-ақ, Түркияда өткен Аrt-Bayterek халықаралық ән байқауының бас жүлдесін иеленген.

«Болашақта Димаш Құдайбергенов сияқты танымал болып, Қазақстанның атын әлемге таныту арманым», - дейді Мәди.    

Ұқсас жаңалықтар