Отгонцэцэг Галбадрах пен Гусман Қырғызбаев Анталиядан алтынмен оралды
Дзюдодан бәсі биік жарыстардың қатарына жататын Анталиядағы «Grand Prix» сынында ел қоржынына екі бірдей алтын жүлде түсті. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах ақтық сында Израиль спортшысы Ришони Шируды жеңіп, дода жеңімпазы атанса, 60 келі салмақта өнер көрсететін Гусман Қырғызбаев та сенім үдесінен шығып, айтулы аламанда топ жарды. Бұл жарыста ауыр салмақтағы алыбымыз Максим Раков та жақсы нәтиже көрсетті. Ақтық сында ресейлік спортшыға жол берген ол күміс жүлдеге қол жеткізсе, қыздар сынында да бір күміс медаль қоржынымызға түсті. Ол – 63 келі салмақтағы Мариана Ордабаеваның еншісінде. Осылайша ел дзюдошылары дүбірлі додадан үлкен олжамен оралды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




