«Қазсат-2» жер серігінің жоғалуына не себеп болғаны анықталды

«Қазсат-2» жер серігінің жоғалуына не себеп болғаны анықталды
ашық дереккөз
«Қазсат-2» жер серігінің жоғалуына не себеп болғаны анықталды
«Қазсат-2»-нің жоғалуына не себеп болғаны анықталды. 6 жарым сағат бойы байланыссыз қалған жер серігінің бір құрылғысы сыр беріпті.

Министрдің айтуынша, «Қазсат-2» жер серігі 336 мың шақырым қашықтықта ұшып жүр екен. Атамқұлов мырза, ол кеңістікте күн түскенде +250 градус ыстық, ал күн түспейтін бетіне ауысқанда -250 градусқа дейін суық болатынын да ескеру керек деді. 31 наурыздағы жағдай кезінде 13 ұялы байланыс операторы мен телевизия тарату жұмыстары тоқтап қалған болатын. Алайда, министр дабыра қылатындай ештеңе болған жоқ деп отыр.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Космоста «кеңістіктік бағдарлау» деген бар. Соған байланысты жабдық. Жабдық болғаннан кейін... Сізде машинаңыз болса жылда 1 сервистен өтіп тұруы керек. 6 жыл космоста. Ал енді соны орнына келтірдік, болды.

ақпарат көзі:Baq.kz

   

Ұқсас жаңалықтар