кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова енді чемпиондық белбеуге таласады
Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова кәсіби мансабындағы кезекті жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады. Жерлесіміз Фируза Шарипова Мәскеуде өткен рейтингілік жекпе-жегінде жергілікті былғары қолғап шебері Виктория Котовамен қолғап түйістірді. Шайқас бірінші раундтың 54-секундында аяқталды. Салған жерден шабуылға иек артқан Фирузаның сериялық соққылары Котованы тығырыққа тіреді. Есеңгіреп қалған Викторияны секунданттары құтқарып қалды. Бесінші кездесуінде төрт мәрте жеңіс тойын тойлаған Фируза Шарипова осымен екінші мәрте қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп отыр. Бұған дейін «Boxrec» рейтингінде жиырма тоғызыншы орынға тұрақтаған Шарипованың рейтингі тағы да өсетіні талас тудырмайды. «Шынын айтсам, жекпе-жек алдында қобалжығаным рас. Қарсыласым кәсіпқой бокста бірінші жекпе-жегіне шықты. Дебютанттан не күтеріңді білмейсің ғой. Алайда кездесу мен үшін жарқын жеңіспен аяқталғанына қуаныштымын. Шайқастың қалай аяқталғанын түсінбей де қалдым. Кездесуді сезініп те үлгермедім. Тіпті, Виктория Котова маған бірде-бір соққысын дарыта алмады», – дейді Фируза. Бұған дейін Фируза Шарипованың менеджері Сергей Завилейский жақын арада қазақстандық боксшының WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласатынын айтқан болатын. Демек, жерлесіміздің жарқын жеңістері алда екеніне күмән жоқ.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді