Алматы маңындағы «Almaty Horse Polo Сlub» ат спорты кешенінің аренасында шөген спортынан республикалық турнир өтті. Үш күнге созылған бәсекеде он мықты команда өнер көрсетті. Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен үш чакерден ойнап шықты. Қазақстан Шөген федерациясы ұйымдастырған бәсекеде «Astana Polo Сlub» командасы жеңіс тұғырының биік сатысына көтеріліп, 500 мың теңгені олжалады. «Almaty Polo Сlub» командасы екінші орынды еншілеп, 300 мың теңгеге ие болды. «Әулиеата» шөген клубы үшінші орын алып, 200 мың теңгеге ие болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мен «Samruk-Kazyna Trast» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының серіктестігі атсалысқан сайыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




