GGG – ең табысты P4P-боксшылар тізімінде екінші орында
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2017
- 634
Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты pound-for-pound боксшылар рейтингісіндегі екінші орнын сақтап қалды. Аталмыш рейтингтің көшбасында орта салмақтағы WBO белбеуінің чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) тұр. Ал үздік үштікте бұған дейін GGG ығыстырған америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) орналасқан. Головкин Джейкобспен болған жекпе-жек үшін 2,5 миллион доллар табыс көрді. Ол жерлесіміздің әзірге бір кездесуде алған ең көп сыйақысы. Айта кететін жайт, бұған дейін pound-for-pound рейтингінде үздік 10 боксшы жарияланатын. Алайда осы жолы тізімге 15 боксшы еніп отыр. Соның арқасында Джейкобс 1,75 миллион долларымен аталмыш тізімге он бірінші болып кірді. Forbes нұсқасы бойынша үздік бокс «манимейкерлерінің» тізімі төмендегідей:
1 (1). Сауль Альварес 2 (3). Геннадий Головкин 3 (2). Андре Уорд 4 (6). Владимир Кличко 5 (5). Мэнни Пакьяо 6 (7). Кит Турман 7 (4). Сергей Ковалев 8 (8). Деонтей Уайлдер 9 (10). Василий Ломаченко 10 (-). Теренс Кроуфорд 11 (-). Дэниел Джейкобс 12 (10). Эдриэн Бронер 13 (-). Келл Брук 14 (-). Майки Гарсия 15 (-). Эррол Спенс
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




